Дистрибьюторларға

«EMPIRE Ltd KAZAKHSTAN» компаниясы Сізге әріптестік бағдарламасының шеңберінде Қазақстан өңірлерінде біздің өнімнің ресми өкілі және дистрибьюторы болуды ұсынады. Серіктестік бағдарламасының мақсаты «EMPIRE Ltd KAZAKHSTAN» компаниясының  серіктестік және дилерлік желісін  дамыту және жаңа сатып алушыларды тарту болып табылады. Серіктестермен жұмыс істеудің басты қағидаттары – әрбір  жобаны табысты іске асыруда жеке ұстанымның және мүдделіліктің болуы. Біздің компаниямен серіктестік арқылы сіз ұсынылатын өнім ауқымын айтарлықтай кеңейтесіз және жаңа нарықтық сегментті игересіз.

«EMPIRE Ltd KAZAKHSTAN» компаниясы 10 жыл бойы ұлттық кәдесыйлар мен ресми  сыйлықтарды қазақстан дық нарық тағы ірі жеткізушісі болып табылады және өзін кәдесыйлық өнімдердің сенімді жеткізуші ретінде көрсете білді. Жыл сайын бірегей топтаманы толықтыра отырып, өнімдердің ассортиментін ұлғайтып отырады. Біз ұсынатын өнімдер лайықты сенімге ие және өзіне материалдық қана емес, сонымен қатар мәндік тарихи құндылықты қамтидыі.  Сипаттамаларының тамаша үйлесімі біздің компанияға Қазақстанның тұрғындары мен қонақтарының арасында мінсіз беделге ие болуына және халықаралық аренада Қазақстанның бетке ұстар белгісі болуына мүмкіндік берді.

Біз әріптестерімізге мыналарды қуана ұсынамыз:

* икемді баға және қызмет көрсету саясатымен ынтымақтастық жасаудың жеке сызбасын;

* жарнамалық қолдауды (каталогтар, буклеттер, парақшалар және т.б.);

* дилер туралы ақпаратты біздің компанияның сайтына және әлеуметтік желілерге орналастыру;

* акциондық өнімнің арнайы бағалары;

* франшизаның айрықша шарттары.

Біз ынтымақтастық жасаудың кез келген үлгілерін қарастыруға дайынбыз. Бизнестің осы бағыты жаңадан бастайтындарға да, сондай-ақ қалыптасқан кәсіпкерлерге де қызықты болады. Барлық сұрақтар бойынша: 8 (7172) 68-88-00, 8-777-127-44-44 телефондары, e-mail:  Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.. бойынша хабарласуды өтінеміз.

FaLang translation system by Faboba
Menu