«Empire Ltd Kazakhstan» компаниясы 2006 жылы құрылған және 10 жылдан астам ұлттық кәдесыйлар және ресми сыйлықтардың қазақстан нарығында жаңашыл және көшбасшы болып табылады.

Жыл сайын жоғары сапалы ұлттық кәдесыйлар мен сыйлықтардың бірегей топтамасын толықтыра отырып, «Empire Ltd Kazakhstan» ассортименті ұлғайып отырады, оны жасауға біз бүкіл әлем бойынша ең үздік өндірістерді тартудамыз, бірегей технологияларды, жоғары сапалы материалдарды, және, әрине әрбір бұйымның ерекше көркем құрамы мен айрықша дизайнын пайдаланмыз, оларда қазіргі замандағы ойлар Ұлы Даланың ежелгі шеберлерінің құпияларымен өріледі. «Empire Ltd Kazakhstan» кәдесыйлық өнімінің бірегей топтамасын құрастыру кезінде біздің халықтың бай өткені – тарихы, аңыздары мен хикаялары, батырлық эпостары, ежелгі артефакттардың археологиялық қазбалары, қазақ халқының дәстүрлері мен салттары ескеріледі. «Empire Ltd Kazakhstan» өнімдері лайықты сенімге ие, және өзінде материалдық қана емес, сонымен қатар саналық тарихи құндылықты көтереді. Біздің өнімдер сыйлықтың айрықшылығы мен жақсы талғаммен және ұлттық мәдени құндылықтарды, патриотизм және елдің дәстүрлерін жаңғыртудың көзімен теңдестіріледі.

Айрықша дизайн бойынша әзірленген бұйымдарда ұлттық сарындар мен заманауи сызбалар өріледі, көшпелі қазақ халқының бай өткені ескеріледі, ал әрбір оюлар мен элементтерде тарих пен эпостар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ежелгі аңыздар мен хикаялар бейнеленеді.

Компанияның мақсаты – ұлттық кәдесыйлар мен премиум сыйлықтарды әзірлеу. Біздің дизайнерлеріміздің командасы клиенттердің барлық тілектерін ескере отырып, шын мәнінде айрықша өнімдер жасайды. «Empire Ltd Kazakhstan» тек қана кәдесый өнімдерін ғана өндіруші ғана емес – біз ежелгі халықтардың ұлттық сарындарын, салттары мен дәстүрлерін зерттеуші тұтас бағыт болып табыламыз. Әрбір өнім өзінде ежелгі халықтардың тарихын сақтайды, әрбір кәдесый қазақ мәдениетінің мұрасының көрінісі болып табылады.

FaLang translation system by Faboba
Menu